«Тергеу кезінде компанияның бұрынғы қаржы директоры 2018 жылдың ақпан айы мен 2021 жылдың сәуір айы аралығында 258 миллион теңге ақшалай қаражатын 5 компанияның есепшотына алдын ала түзілген жалған келісімшарттар мен бухгалтерлік құжаттар негізінде және өзінің айлық есепшотына негізсіз 192 миллион теңгені аударып, нәтижесінде қолма-қол ақшаға айналдырып жымқырған», - делінген хабарламада.
Kcell-дің бұрынғы қаржы директоры жарты миллиард теңге жымқырған

Kcell-дің бұрынғы қаржы директоры жарты миллиард теңге жымқырған
Kcell Solutions ЖШС бұрынғы қаржы директоры 450 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz.
Kcell Solutions ЖШС-нің бұрынғы қаржы директорына қатысты жалған құжаттарды пайдалану арқылы жалпы сомасы 450 миллион теңге көлемінде компанияның сенiп тапсырылған мүлкiн аса ірі көлемде жымқыру дерегі бойынша іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚР ҚМ Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті жүргізіп жатыр.