50371
БҰҰ Ауғанстандағы жағдайға алаңдаулы
БҰҰ Ауғанстандағы жағдайға алаңдаулы
Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі комиссары Филиппо Гранди соңғы апталарда Ауғанстаннан кетуге тырысқандардың саны көбейгенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Гранди БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне берген дерегінде Ауғанстандағы жағдай босқындардың көбеюіне әкеледі деген болжам айтты.
Ол Ауғанстанда 23 миллион адамның азық-түлік, баспана, ауыз су және медицина жағынан қиындықтарға тап болғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, қақтығыс салдарынан 3,5 миллион адам елден кетуі мүмкін.
«Гуманитарлық жәрдеммен экономиканы құтқару мүмкін емес», - деді ол.