«Алтын дәрігер» медалінің иегері марапатталды

«Алтын дәрігер» медалінің иегері марапатталды

«Алтын дәрігер» медалінің иегері марапатталды
ашық дереккөзі
50942
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордалық емхана дәрігері Оразалы Рахимов Қазақстан Республикасы Ұлттық медицина қауымдастығының «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды, деп хабарлады Turkystan.kz. Марапатты Қауымдастық президенті Айжан Садықова табыстады  width= «Алтын дәрігер» төсбелгісі өз қызметінде ерекше кәсіби шеберлік пен қайсарлық танытқан денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне адал және мінсіз еңбегі үшін тапсырылады. Оразалы Рахимов Денсаулық сақтау саласында 35 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын Целиноград облыстық ауруханасында дәрігер-интерн болып бастаған, ауылдық дәрігерлік амбулаторияда алдымен терапевт, содан кейін бас дәрігер болып жұмыс істейді, жедел медициналық жәрдем бригадасының дәрігері және балалар ауруханасында лор-дәрігер болды. №3 қалалық емханада Оразалы Рахимов 24 жыл жұмыс істейді. Соңғы жылдары Есіл ауданы бойынша шақырылған медициналық комиссияның төрағасы.
«Шынымды айтсам, күтпедім. Бірақ менің кандидатурамды ұсынған жандарға ризамын. Менің денсаулық сақтау саласындағы еңбегімнің еленуі мен үшін үлкен құрмет пен қуаныш. Сезімімді айтып жеткізу мүмкін емес», - деді дәрігер.
Бұған дейін COVID-19 пандемиясы кезінде қайтыс болған дәрігерлер «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды.  

Серіктес жаңалықтары