1136
Ақтөбе облысында 16 казино заңсыз жұмыс істеп келген
Ақтөбе облысында 16 казино заңсыз жұмыс істеп келген
Қылмыстық топтың құрамында он адам болған, деп хабарлады turkystan.kz.
Қаржы мониторингі агенттігі Ақтөбе облысында букмекерлік кеңселердің атын жамылған 16 заңсыз ойын нүктелерін - электрондық казиноларды ұйымдастырған қылмыстық топтың ұсталғаны туралы мәлімдеді.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері «бақылаушы-менеджерлер» (оператор-кассирлерді бақылау) және «ойын терминалдарын бақылаушы-менеджерлер» (ақшалай қаражаттарды инкассациялау) болып бөлінген. Барлық алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылды, - делінген хабарламада.Қылмыстық топтың барлық мүшелері түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.