Қазақ-өзбек билігі сауда көлемін 10 миллиард долларға жеткізбек

Қазақ-өзбек билігі сауда көлемін 10 миллиард долларға жеткізбек

Қазақ-өзбек билігі сауда көлемін 10 миллиард долларға жеткізбек
ашық дереккөзі
50348
Ақорда резиденциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті салтанатты түрде қарсы алып, Шығыс залында шағын құрамда келіссөз өткізді, деп хабарлады Turkystan.kz.  width= Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-өзбек ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан, Шавкат Мирзиёевтің қазақ жерінде өтіп жатқан мемлекеттік сапарының маңызды екенін атап өтті. «Бүгін біз одақтастық қатынастар туралы декларацияға қол қоямыз. Бұған дейін стратегиялық серіктестік қағидаларына сүйеніп келген болсақ, алдағы уақытта біздің өзара қарым-қатынастарымыз шын мәніндегі жаңа деңгейге көтеріледі. Сондықтан бүгін қол қойылатын құжаттар елдеріміздің арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деп есептеймін. Біз Үкіметтерімізге жақын арада сауда көлемін 5 миллиард долларға, кейінірек 10 миллиард долларға дейін жеткізу туралы тапсырма беруге уағдаластық. Бұл өте жоғары деңгей», - деді Тоқаев. Қазақстан Президенті екі елдің аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы рөліне де тоқталды.  width= «Елдеріміз арасындағы одақтастық, стратегиялық қарым-қатынастар – Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы. Бұл ешқандай артық айтқандық емес. Екі ел арасындағы байланыстар қаншалықты тығыз болса, біздің маңызды аймақтағы ахуал да соншалықты тұрақты болады», – деп атап көрсетті Тоқаев. Шавкат Мирзиёев қазақ жерінде көрсетілген дәстүрлі қонақжайлық үшін ризашылығын білдіріп, өзінің және өзбек халқының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ Қазақстан Президентінің басшылығымен еліміздің қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалай отырып, екіжақты қарым-қатынастардың дамуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың зор үлес қосқанын да атап өтті. Өзбекстан президенті өзінің мемлекеттік сапары Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатуының символдық мәні бар екенін айтты. «Екі ел халықтарының арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық қарым-қатынастар мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға зор септігін тигізетініне сенімдімін», - деді Мирзиёев. Қазақстан мен Өзбекстан басшылары екіжақты стратегиялық серіктестіктің кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сияқты негізгі аспектілер қарастырылды. Сондай-ақ, аймақтағы, соның ішінде, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды.

Серіктес жаңалықтары