50421
Карина Тәкиева - Азия чемпионы!
Карина Тәкиева - Азия чемпионы!

Қазақстандық дзюдошы Карина Тәкиева Ливан астанасы Бейрутта Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлады Turkystan.kz.
БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша, Карина аса ауыр салмақта (+78 кг) өнер көрсетті.
Карина Русланқызы 2003 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Дзюдо әліппесін жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резерві мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы Азамат Қапсатовтан үйренген.
2021 жылы ҚР V жастар спорт ойындары мен 23 жасқа дейінгілер арасында ел біріншілігінде күміс жүлдемен марапатталса, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында үздік үштікке іліккен.
Қазіргі кезде Алматыдағы республикалық спорт колледжінің 2 курс студенті. Бапкері – Жайдар Сайлаубаев.
Сондай-ақ Қазақстан Дзюдо федерациясының мәліметінше, жарыстың соңғы күні қазақстандық Максим Мейірлан 81 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.
Жалпы Қазақстан жастарынан ұлдар құрамасы (аға жаттықтырушылары - Азамат Мұқанов пен Айбек Имашев) Азия чемпионатын 2 алтын, 1 қола, ал қыздар (аға бапкерлер - Хатип Арсен, Нұрбек Мықтыбеков) 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен аяқтады.
