354
Коронавирус: «Қызыл» аймақта екі облыс қалды
Коронавирус: «Қызыл» аймақта екі облыс қалды

17 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, – деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
«Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.