Мемлекеттік тілді еркін игерген жастар анықталды

Мемлекеттік тілді еркін игерген жастар анықталды

Мемлекеттік тілді еркін игерген жастар анықталды
ашық дереккөзі
50269
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» тақырыбымен онлайн форматта өткен республикалық байқау мәресіне жетті. Өзге ұлт жастары арасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту және мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт жастарын ынталандыруды мақсат еткен шараға республиканың 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан іріктелген үздіктер қатысты. Мемлекеттік тілді рухани-мәдени құндылық ретінде дәріптеген 21-35 жас аралығындағы қоғамдық белсенді этнос жастары мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлестері, білім, мәдениет, спорт саласындағы жетістіктері баяндалған бейнеролик ұсынып, берілген тақырыпта ой толғады және «Менің тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбында эссе жазды. Байқауға қатысушылардың тілді меңгеру деңгейін, жауаптарының  мазмұндылығы мен ерекшелігін, қазақ тілінде таза сөйлеуін бағалаған білікті әділқазылардың шешімімен Ирубаева Анастасия (Ақмола облысы) Бас жүлдені иеленді. І орынға Адиханбаева Муаттар (Түркістан облысы), ІІ орынға Абдухамидова Хурматой (Шымкент қаласы) лайық деп танылды. Ал Потанин Андрей (Нұр-Сұлтан қаласы) мен Чеченева Ирина (Атырау облысы) ІІІ-орынды теңдей бөлісті. Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының үміттерін арқалаған Дураченко Галина  мен Ибрагимова Равана ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тіліне айналдыруға бағытталған шаралар кешені одан әрі жалғаса беретін болады.

Серіктес жаңалықтары