410
ММА спортшысы әуежайда есірткімен ұсталды
ММА спортшысы әуежайда есірткімен ұсталды

Мәскеудің Внуково әуежайында аралас жекпе-жек өнерінің шебері, ресейлік Салман Жамалдаев есірткімен ұсталды, - деп жазды Газета.Ру.
Еркін және грек-рим күресінен спорт шебері Грозный қаласына ұшар алдындағы тексерістен өту кезінде ұсталып, одан есірткі тәркіленді. Қазіргі уақытта қосымша тергеу жұмысы жүріп жатыр.
Айта кетейік, Салман – панкратионнан Ресей чемпионы. Сонымен қатар ол жартылай орта салмақта WFCA және ACA белбеулерінің иегері атанған.