565
Мемлекет басшысы екі автожолдың құрылысына қатысты тапсырма берді
Мемлекет басшысы екі автожолдың құрылысына қатысты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі автожолдың құрылысына қатысты тапсырма берді, - деп хабарлады akorda.kz.
«2024 жылы Жезқазған-Қызылорда автомобиль жолының құрылысы аяқталуы тиіс. Бұл Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының сауда-көлік байланысын күшейтуге, сонымен қатар жүк транзитін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан-Алматы жолын жаңғыртуды 2023 жылы аяқтауды тапсырды.
«Шалғайдағы ірі моноқалардың еліміздің өзге өңірлермен стратегиялық көлік байланысын қамтамасыз ету қажет. Мен Нұр-Сұлтан-Алматы жолын жаңғыртуды 2023 жылы аяқтау тапсырмасын бердім. Ол Балқаш қаласының әлеуетін айтарлықтай арттыратын болады», - деді ҚР Президенті.