1126
Коронавирус: 9 өңір «жасыл» аймаққа өтті
Коронавирус: 9 өңір «жасыл» аймаққа өтті

2021 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша коронавирусқа қатысты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
«Жасыл» аймаққа: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары енген.