Головкиннің жапондық боксшымен жекпе-жек уақыты белгілі болды

/
Головкиннің жапондық боксшымен жекпе-жек уақыты белгілі болды
ашық дереккөзі
Головкиннің жапондық боксшымен жекпе-жек уақыты белгілі болды 29 желтоқсан күні Жапонияда IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super белдігінің иесі Риота Мурата арасында жекпе-жек өтеді, – деп жазды Sports.kz. AsianMMA.com басылымының жазуынша, жекпе-жек Азиядағы тұрғындар үшін ыңғайлы уақытта өткізіледі. «Жекпе-жек жергілікті уақыт бойынша түстен кейін өткізілуі мүмкін, сондықтан оны кешкі уақытта АҚШ-та трансляциялауға болады», - деп жазылған хабарламада. Елорда мен Токио арасындағы уақыттың үш сағат айырмасын есепке ала отырып, Головкин-Мурата бокс шоуы сәрсенбі, 29 желтоқсанда кешке қарай басталуы мүмкін.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары