Мәйітті 3 сағаттан кейін зираттан қазып алған: Ақтау тұрғыны жерлеу қызметін сотқа берді

Мәйітті 3 сағаттан кейін зираттан қазып алған: Ақтау тұрғыны жерлеу қызметін сотқа берді

Мәйітті 3 сағаттан кейін зираттан қазып алған: Ақтау тұрғыны жерлеу қызметін сотқа берді
ашық дереккөзі
10012

Ақтауда жерлеу қызметкерлері мәйітті жерлегеннен кейін 3 сағаттан соң қайтадан қазып, басқа зиратқа көмген. Марқұмның ағасы кінәлі адамдарды жазаламақ, - деп хабарлайды Lada.kz.

Lada.kz редакциясына Ақтау қаласының тұрғыны Юрий Коновалов хабарласқан. Ол ағасының қайтыс болғаны туралы марқұмның Бакуде тұратын туыстарына хабарлаған. Туыстарынан жерлеуге нотариалды құжат алғаннан кейін ол мәйітті жерлеу жұмысымен айналыса бастаған."Жерлеу рәсімдерімен айналысу үшін қаладағы екі жерлеу қызметіне хабарластым. Агенттіктердің бірінен Мәскеуде тұратын әпкем Ирина Хасанова қаланың шетінде, жаңа жерлеу агенттігінен орын дайындап қойғанын білдім. Мен оған қарсы болдым, себебі ұлы анасының жанында, қаладағы зиратта жерленуі керек. Әпкеммен жеті жылдан бері араласпаймыз, оны не үшін істегені түсініксіз", - дейді Юрий Коновалов.  />

Ақтаулық тұрғынның сөзінше, зиратты дайындауға қатысты рұқсат ала алмағаннан кейін өзі бригада іздей бастаған. Мәйітханадан марқұмның мәйітін алғаннан кейін Ю.Коновалов бригадамен зиратқа келіп, 2020 жылдың 15 мамырында мәйітті жерлеген.

Серіктес жаңалықтары