638
QaraFest: Қазақстанда деректі фильмдердің фестивалі өтеді
QaraFest: Қазақстанда деректі фильмдердің фестивалі өтеді

23-28 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Арман» кинотеатрында (Достық даңғылы, 104) QaraFest фестивалінің фильмдері көрсетіледі. Ал онлайн-фестиваль – qarafilmfest.kz алаңында 30 қыркүйек пен 9 қазан аралығында өтеді.
Ескерту: Әр көрсетілімге 100 көрерменнен ғана кіре алады, ал билеттерді Ticketon-нан, я болмаса, көрсетілім болатын күні «Арман» кинотеатрының кассасынан сатып ала аласыз.
[caption id="attachment_155548" align="alignnone" width="3500"]
"Құпия агент" фильмінен кадр[/caption]
QaraFest бағдарламасында Чили, Түркия, Швеция, Германия, Норвегия, Финляндия, Грузия, Бельгия, АҚШ және Румыниядан 10 туынды бар. Барлық фильмдер түпнұсқа тілінде, қазақ және орыс субтитрлерімен көрсетіледі.
Көрсетілімдер Сорос-Қазақстан қорының және Нидерландтық movies That Matter кинофестивалінің гранттар бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылды.
[caption id="attachment_155549" align="alignnone" width="1920"]
"Өзіміздің жігіттер" фильмінен кадр[/caption]
QaraFest - авторлық деректі фильмдер фестивалі. Көзбен көруге, көңілге түюге, зерттеуге, таным көкжиегінде зерделеп, тың болмысты тануға мүмкіндік беретін фестиваль. 2020 жылғы қиын кезеңде туып, әлемдік шектеулерге қарамастан, былтыр 2200-ден астам көрерменге Қазақстанның 8 үздік деректі туындысын ұсынды.
[caption id="attachment_155552" align="alignnone" width="3500"]
"Әулие әке" фильмінен кадр[/caption]
Биыл QaraFest халықаралық фестивалі аясында көрсетілетін фильмдер тірі тіршіліктің, қас-қағым сәттің, кадрдағы шынайы өмірдің куәгері болуға шақырады, шығармашылық ләззат алып қана қоймай, бүгінгі шынайы болмысты жан-жақты бақылауға мүмкіндік береді.
Фильм бағдарламасы – бұрын-соңды көзге таныс болмаған, әйтсе де шынайы өмірді бейнелейтін өзге тағдырды, өзгеше кейіпкерлерді қамтиды.
https://youtu.be/6SYuoBGF5DQ


