392
Қазақстанда ақылы жолмен жүру тарифі өзгертілмейді
Қазақстанда ақылы жолмен жүру тарифі өзгертілмейді

«Ақылы жолмен жүру тарифі 2013 жылы бекітілген. Содан бері өзгерген жоқ және өзгермейді», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның дерегінше, елімізде жеңіл автокөліктер үшін 1 шақырымына 1 теңгені, ауыр жүк көліктері үшін 1 шақырымына жүк сыйымдылығына байланысты 5 теңгеден 25 теңгеге дейінгі соманы құрайды. Ал көршілес Ресейде жеңіл автокөліктер 1 шақырым үшін 7 теңге және жүк көліктері 7-ден 55 теңгеге дейін төлейді. Еуропа елдеріндегі тарифтер жүк көліктері үшін 5 есе, ал жеңіл автокөліктер үшін 20 есе жоғары.