412
Алматыдағы ең үлкен көшелердің бірі уақытша жабылды
Алматыдағы ең үлкен көшелердің бірі уақытша жабылды

Алматы қаласындағы Төле би көшесі ішінара жабылды.
Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, 2021 жылдың 2,3 және 4 қыркүйекте Төле би көшесінде Б.Момышұлы көшесінен Яссауи көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі.
«Жол жөндеу жұмыстары түнгі уақытта жүргізіледі. Төле би көшесі түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 08:00-ге дейін ішінара жабылады. Келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұраймыз», - деп хабарлады басқармадан.
Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.