Банк саласындағы цифрлық көші-қон: Бәрі де отандық бизнес үшін

Банк саласындағы цифрлық көші-қон: Бәрі де отандық бизнес үшін

Банк саласындағы цифрлық көші-қон: Бәрі де отандық бизнес үшін
ашық дереккөзі
6605

Банк саласы жаһандық пандемияға дейін де өз қызметтерінің бір сыпырасын онлайн нұсқаға көшіргенін жақсы білеміз. Алайда, ел ішінде өзін-өзі оқшаулау талабы өріс алғанда, екінші деңгейдегі банктер өнім желілерінің басым бөлігін онлайн форматқа көшіріп, қызмет түрлерін цифрландыруға барынша ден қойды. Бұл ұстаным, өз кезегінде, нарық ішіндегі цифрландыру үрдісіне елеулі қарқын берді.

«Қазір банк клиенттері банктік қызмет түрлерін онлайн негізде рәсімдеумен қатар, өздерінің есеп шоттарын да, жүзеге асқан операциялардың тарихын да қашықтан бақылап, басқара алады, тіпті, қажет мәліметтерді де банкпен электронды негізде хабарласып, ала алады, - дейді ForteBank-тің Түркістан облысы бойынша филиал директорының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары Мақсат Қарымсақов. – Банктердің цифрлық ұсыныстары жаңа технологияларды қолданумен ғана шектелмейді, біз, сондай-ақ бұл сервистерді үнемі жаңартып, модернизациялауға да ерекше мән берудеміз. Өйткені, цифрландыру үдерісі бүгінде банктердің бәсекелестік қабілетіне ықпал етіп отырған негізгі фактордың бірі».
Айта кетейік, республика бойынша 20 шақты филиалы және 100-ден астам бөлімшесі бар ForteBank Қазақстандағы ең үздік ондық тізіміне кіретін ірі банктердің бірі. Өзінің ForteBusiness бағдарламасы аясында ForteBank таяуда шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған жаңа цифрлық қызмет түрлерін қолданысқа енгізді.  width=
- Оқшаулану кезеңінде қазақстандық тұтынушылардың қашықтан қызмет көрсету арналарына деген сұранысы арта түсті. Отандық кәсіпкерлердің уақытын үнемдеуді мақсат еткен ForteBusiness-тің жаңа цифрлық өнімдерін біз осы 2021 жылдың басында енгіздік. Содан бері біздің клиенттер бұл өнімдерді тиісті деңгейде бағалап, оң бағасын беруде, - дейді банк өнімдері туралы әңгімелеп берген Қарымсақов мырза.

- Мақсат Төребекұлы, ForteBusiness ұсынып отырған цифрлық жаңа өнімдер бизнестің барлық сегментін түгел қамтыған ба?Әлде бизнес түріне, көлеміне орай өзіндік ерекше талаптар бар ма?

- ForteBank – бизнестің барлық сегменттерінде бірдей ұсынылған әмбебап банк. Кәсіпкерлерге бағытталған ForteBusiness платформасы аясында біз өз клиенттерімізге, яғни облыс аумағындағы кәсіпкерлерге, біріншіден, онлайн негізде тегін шот ашуды ұсынып отырмыз. Яғни, бүгінде банк қызметіне қол жеткізу үшін арнайы банк кеңсесіне келіп, кезекке тұрып, неше дүркін қағаз толтырудың қажеті жоқ. Ендігі кезеңде онлайн банкингтің арқасында кез келген кәсіпкер, мейлі ол жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) басшысы болсын, мейлі жеке кәсіпкер (ЖК) болсын– компьютер не мобильді құрылғының арқасында өз бизнесінің барлық қажеттілігін банктен қашықта отырып-ақ оңай әрі тез басқара алады...

- Бұл үшін кәсіпкерге компьютер не смартфоннан өзге тағы не керек?

- Жылдам ғаламтор. Содан соң, ЭЦҚ – электронды цифрлы қолтаңба. ЖШС өкілдері шот ашу үшін банк сайтында онлайн өтінім қалдырса жетіп жатыр, әрі қарай біздің менеджерлер өздері қайта хабарласып, барлық мәселені түсіндіріп, қажет құжаттарды анықтап береді. Жалпы, ЖШС үшін талап етілетін құжаттар пакеті өте аз және де бұл процесс ұзаққа созылмайды. Клиенттің уақыт мүмкіндігіне қарай барлық шаруа өз ретімен, жылдам орындалып, жүзеге асады. Бұған мен толық кепіл бере аламын.

- Сөз басында, «біріншіден» дедіңіз, яғни онлайн шот ашудан өзге де ұсыныстар бар ғой?

- Ұсыныстар жетіп асады және де олар орта және шағын бизнес (ШОБ) үшін барынша тиімді. Біз, сондай-ақ алдағы уақытта да клиенттердің мүмкіндіктерін кеңейтуге негізделген жаңа өнімдер әзірлеп, ұсынуға дайынбыз.Біздің банкте қазірдің өзінде кәсіпкерлерге арналған fortemarket маркетплейсі, fortetravel туристік сервисі іске қосылған. Сол сияқты, біз қолданысқа шығарған fortex валютасымен сауда жасауға арналған алаң, ForteKassa сауда нүктелеріне арналған сервис, ForteClub бейілділік бағдарламасы секілді өнімдер клиенттердің арасында елеулі сұранысқа ие. Оның сыртында біз ШОБүшін дәстүрлі қызметтерді жүзеге асыруды да әрі қарай жалғастыра береміз, яғни кредит беру, депозит, есеп айырысу және кассалық қызмет көрсету, кепілдіктер бойынша операцияларды жүзеге асыру, т.т. деген сияқты. Байқасаңыздар, жаһандық пандемия аясында көрініс берген жаңа бағыт – цифрландыру үрдісі банктердің нарық ішіндегі позициясын нығайтуға дем беруде, мұны біз ғана емес, банк клиенттері де дұрыс түсініп отыр. Жалпы, цифрлық даму, цифрлық түрлену қазір тек банк саласына ғана тән өзгеріс емес. Цифрлық жүйедегі ыңғайлылық, мобильділік сынды көрсеткіштерді отандық шағын бизнес те мойындап, ескерген. Бұл – заман талабы. Сондықтан да біз банк өнімдерін клиенттер үшін барынша ыңғайлы етіп, бизнес үдерістер мен онлайн-сервистерді цифрландыруды дамытуға инвестициялауды жалғастыра береміз.

- ForteBusiness аясындағы онлайн қызметтерді сегмент бойынша бөліп қарастырсақ, айталық жеке кәсіпкерлер үшін қандай өнімдер ескерілген?

- ЖК үшін біз, мысалға, Интернет-банкинг онлайн қызметін ұсынамыз. Яғни, жеке кәсіпкер әлемнің кез келген бұрышында отырып (әрине, ғаламторға қосылған жағдайда), біздің банктегі шоттарын емін-еркін басқара алады. Кіріс және шығыс төлемдері туралы, жалпы, банктегі есеп шотының жай-күйі туралы барлық ақпартты онлайн негізде өзіне қолайлы уақытта ала алады. Сонымен қатар, ол әрқашан тиімді болып табылатын ForteX бағамы арқылы банктен жеке айырбас бағамын сұрай алады. Интернет-банкинг жүйесі 24/7 форматында қол жетімді. Яғни, қолданушы өзіне ыңғайлы құрылғыдан біздің жүйеге кез келген уақытта қосылып, қажет мәліметке тәулік бойы қол жеткізе алады. Осы арада арнайы айта кеткім келеді: біздің цифрлық өнімдер мен қызметтерге қатысты қауіпсіздік шаралары жан-жақты ескерілген. Банк пен қолданушы арасындағы мәлімет,дерек алмасу барысы арнайы шифрланған хаттама негізінде жүзеге асырылады және бұл тұрғыдағы қауіпсіздік шаралары алдағы уақытта да үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Бұған еш күмән келтірмеңіздер.

- Интернет-банкингке қосылу механизміне тоқтала кетсеңіз...

- Бұл арада ешқандай қиындық жоқ, біз бұл механизмді барынша тиімді әрі қарапайым етіп ұйымдастырдық. Бірінші қадам – ForteBank-те шот ашу. Екінші – «Интернет-банкинг» бойынша келісімді бекіту. Үшінші қадам – құпия сөз бен DigiPass кілтін алу. Болды.

- ШОБ өкілдеріне арналған кредиттік өнімдердің арасында Online овердрафт мейлінше танымал және оған деген сұраныс мол деп естідік...

- Оnline овердрафт – айналым қаражатын толықтыруды мақсат ететін кредит өнімі. Бұл тұрғыдағы кредит сомасы 500 мыңнан 20 млн теңгеге дейінгі аралықты қамтиды. Несие мерзімі 30 күнге дейін. Ал сыйақы мөлшерлемесі – жылына 17%-дан басталады.  width=

- Бұл өнім бойынша қарыз алушы қандай талаптарды ескергені жөн?

- Оnline овердрафт кредитіне үміт артқан кәсіпкердің бизнесі кредит беру күніне дейін кемінде 12 ай бойы жұмыс істеп тұруы керек. Сол сияқты, кредит алушы кәсіпкер банкке соңғы 12 айдағы кредиттік тарихын ұсынуы тиіс. Әрине, міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі болмауы шарт. Тағы бір ескеретін жайт – қаржыландыру сомасы кәсіпкердің таза табысының 50%-нан аспайды. Оnline овердрафт кредиті POS-терминал айналымына қарай да беріледі. Бұл тұрғыдағы кредит сомасы 500 мыңнан 5 млн теңгеге дейін. Негізгі шарттардың ішінде, мысалға, жеке кәсіпкердің бизнес тарихы кредит алуға өтінім берген сәтке дейін кем дегенде 6 айды қамтуы тиіс. Әрине, бұл арада да қарыз берешегі болмауы шарт және де мемлекеттік не өзге де ақпараттық ресурстарда жағымсыз сипаттағы мәліметтердің болмауы ескерілгені жөн.

- Әлеуметтік желілерде ForteBank-тің корпоративтік карталарына ризашылық білдірген клиенттердің жазбалары кездесіп жатады. Бұл өнім шағын бизнес үшін несімен мәнді?

- Төлем құралы ретінде корпоративтік карташынында да ыңғайлы және тиімді өнім. Біздің банктің клиенті ретінде ШОБ басшысы өз бизнесіндегі қызметкерлерге кез келген уақытта банктің корпоративтік карталарын рәсімдеп, біздің банкпен тиімді серіктестік орната алады. Бұл тұрғыда заңды тұлға үшін арнайы карточкалық шот ашылады. Корпоративтік карталардың бизнес үшін, кәсіпорындар үшін басымды тұсы – ұйым ішіндегі есептеулердің ашықтығы арта түседі. Сол сияқты, компаниялар өз қызметкерлерініңіссапар және өкілеттік шығындарын есепке алу барысын оңай ұйымдастырып, жеңілдете алады. Кеден қызметтеріне төлем жасай алады. Корпоративтік карта – ол чек кітапшасына, қолма қол ақшаға оңтайлы балама, мұны қазір кез келген қарапайым тұтынушы жақсы біледі.Біздің карталар бойынша PayWave байланыссыз төлем жасау мүмкіндігі де ескерілген. Айтқандай, біздің банк клиентіForteBank банкоматтары арқылы өз картасына кез келген уақытта ақша салып, толтыра алады және де бұл операция тегін.

- Түркістан облысы бүгінде ел ішінде қарқындап дамып жатқан өңірдің бірі, бұл жергілікті бизнес ортаның мүмкіндіктеріне де елеулі серпіліс берсе керек. Облыстағы кәсіпкер қауымға банк маманы ретінде қандай кеңес, қандай ұсыныс айтар едіңіз?

- Иә, түркі халқының қара шаңырағы, түркі елдерінің мәдени астанасы болып бекітілген Түркістан қазір шынында да қарқындап дамып келе жатыр.Соған сәйкес жергілікті бизнес те кешенді түрде өсіп-кеңеюде. Бұл тұрғыда ForteBank нарықтағы барлық бағыттар бойынша теңгерімді даму басымдығын ұстанғанды дұрыс санайды, өйткені біз отандық бизнестің тұрақты негізде өрістеп, өркендеуіне мүдделіміз. Қазірде Түркістан қаласының жаңа мәртебесіне орай, жергілікті кәсіпкерлердің алдында бұл өңірді тартымды туристік орталыққа айналдыру мақсаты тұр. Олай болса, қала ішінде және оның айналасында жаңа заман талабына сай қонақ үйлер мен бизнес-орталықтар салып, инфрақұрылымды дамыту, жаңарту қажеттілігі өзекті деген сөз. Сол сияқты, қала ішіндегі халық санының өсуіне орай, мектеп, бала бақша сынды әлеуметтік маңызы зор нысандарға деген сұраныс та өсе түспек. Ал бұл нысандарды орнатып, қолданысқа беру жергілікті кәсіпкерлердің міндетіндегі мәселе. Сондықтан да мен жергілікті кәсіпкерлерді ForteBank-тің бизнеске арналған кредиттік ұсыныстарымен танысуға шақырғым келеді. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» сынды мемлекеттік қолдау бағдарламалары да бар. Бұл бағдарламалар бойынша ағымдағы жылдың басынан бері ForteBank тарапынанкәсіпкерлерге 760 млн теңге көлемінде кредит берілді, қазіргі таңда 436 млн теңгеге кредит беру мәселесі қарастырылуда. Ескеретін жайт: мемлекеттік бағдарламалар бойынша алған кредиттерін кәсіпкерлер жылына 6% үстемемен қайтара алады. Яғни, «Бизнестің жол картасы 2025» ұсынысы бойынша жылдық мөлшерлеме 14% болса, оның 8%-ы мемлекет тарапынан, ал «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша15% жылдық мөлшерлеменің 9%-ы мемлекет есебінен субсидияланады. Көріп отырғаныңыздай, бұл отандық бизнес үшін шынында да таптырмас мүмкіндік. Біздің банктің барлық өнімдері, барлық ұсыныстары отандық бизнестің өсіп-өркендеуіне ықпал етуге негізделіп, құрылған.

Серіктес жаңалықтары