Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
ашық дереккөзі
510

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулы жариялады.

Қаулыға сәйкес:
  • Нысандарға Ashyq жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын;
  • Өңірлердің, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын;
  • "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) жобаға қатысушылардың арасында заңбұзушылықтардың алдын алуды жүргізуді қамтамасыз етсін;
Алматы қаласын қоспағанда, биыл 28 тамыздан бастап мына нысандардың жұмысына:
  • демалыс күндері – Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес ныснадары жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларының жұмысына – қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) сағат 02.00-ге дейін;
  • сенбі күндері – қоғамдық  көліктің жұмысына рұқсат етілсін.
Алматы қаласын қоспағанда, биыл 30 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандары үшін жұмыс уақытын (режимін) жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының "көшбасшылары" үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартсын. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталған жағдайда Алматы қаласында карантин шараларды жеңілдету тиісінше биыл 4 және 6 қыркүйектен басталсын.

Серіктес жаңалықтары