сенбі, 12 сәуір, 2025

Жарылыстан зардап шеккендер саны 60-қа жетті, 700 адам қауіпсіз жерге көшірілді

/
ашық дереккөзі
Жарылыстан зардап шеккендер саны 60-қа жетті, 700 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 60-қа жетті, - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

"Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына түрлі жарақат алған 60 адам түсті, оның ішінде 11  - әскери адам (сауалнама мәліметтері нақтыланып жатыр)", - деп мәлімдеді әкімдік.
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, өрттен 6 жарылыс болды. 700 адам қауіпсіз жерге көшірілгені туралы хабарланды.
Бөлісу: