Тараз маңындағы жарылыстан 32 адам зардап шекті
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде болған жарылыстан 32 адам зардап шекті, түрлі жарақат алған олар Тараз қалалық №1 ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Оқиға орнына 16 жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілді. Құрылған жедел штабтың басшысы - облыс әкімі Б. Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді", - деп жазылған Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.