бейсенбі, 17 сәуір, 2025

Елімізде алтын өндіретін ірі фабрика іске қосылды

/
ашық дереккөзі
Елімізде алтын өндіретін ірі фабрика іске қосылды

"Алтыналмас" компаниясы Ақмола облысындағы "Ақсу" алтын өндіру фабрикасын іске қосты. Бұл туралы Forbes.kz хабарлады.

Жаңа фабриканың операторы - "Ақсу Technology", фабриканы жобалау және салу жұмыстарын "AAEngineering Group" жүргізді. Екеуі де "Алтыналмастың" кәсіпорындары. Кәсіпорынның өнімділігі - жылына 5 млн тонна кен өндіру және еліміздің алтын шығаратын ең ірі және озық фабрикаларының біріне айналады деген болжам бар. "Алтыналмас" - геологиялық, тау-кен өндіру және алтын өңдеу цикліндегі компания. Қазақстанның төрт өңірінде активтері бар: Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы "Пустынное" жобасы, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы "Ақбақай" жобасы, Шығыс Қазақстан облысындағы "Мизек" кен орны, Ақмола облысындағы "Ақсу" жобасы және "Қазақалтын" объектілері.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары