Асхат Аймағамбетов: Жылдар бойы директордың міндетін атқарушысы болып жұмыс істеп жүре беруге енді жол берілмейді

Асхат Аймағамбетов: Жылдар бойы директордың міндетін атқарушысы болып жұмыс істеп жүре беруге енді жол берілмейді

Асхат Аймағамбетов: Жылдар бойы директордың міндетін атқарушысы болып жұмыс істеп жүре беруге енді жол берілмейді
ашық дереккөзі
5528
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларын тағайындау жаңа тәртібін енгізді. Бұл туралы мәлімет министрліктің сайтында жарияланған. «Біріншіден, енді мектеп директорының міндетін атқарушысы болып үш айдан аспайтын және бір реттен артық емес мерзімде ғана істеуге болады. Осы кезеңде конкурс өткізіліп, жаңа басшы тағайындалуы керек. Ережеде белгіленгендей, мектеп директорының бос немесе уақытша бос лауазымына конкурс туралы хабарландыру бос орын пайда болғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде білім басқармасының ресми сайтында және аккаунтында орналастырылуы керек. Осылайша, бос немесе уақытша бос директор лауазымына конкурс жарияламай ақ, жылдар бойы директордың міндетін атқарушысы болып жұмыс істеп жүре беруге енді жол берілмейді. Айтпақшы, бүгінгі таңда елімізде мектеп басшысы лауазымына 700-ден астам бос жұмыс орны бар және сәйкесінше ол жерлерде директордың міндетін атқарушы адамдар жұмыс істеп жүр. Екіншіден, Ережеде директордың уақытша бос лауазымына (бала күтіміне байланысты демалыс, оқу және т.б.) тағайындау регламенттелетін болады. Мұндай жағдайларда да ұйым басшысы тікелей тағайындау емес, конкурс арқылы анықталатын болады, − дейді министр. Оның айтуынша, жаңа ережеге сәйкес енді директор лауазымына конкурсты аудандық білім бөлімдері емес, облыстық білім басқармалары өткізетін болады. Яғни, конкурстық рәсімдерді ұйымдастырады және директорларды анықтайды. Содан кейін директордың кандидатурасы бойынша құжаттар еңбек шартын жасасу үшін білім бөліміне жіберіледі. 5 жылға тағайындалады. «Қағидада болашақ директорларға қойылатын біліктілік талаптарына көп көңіл бөлінеді. Мұнда бірнеше ерекшелік бар. Біріншіден, болашақ директорлар міндетті түрде менеджмент курстарынан өтіп, тиісті сертификаттары болуы керек. Екіншіден, директор лауазымына басшы ретінде жұмыс өтілі бар кәсіби мұғалімдер тағайындалуы мүмкін, ал жалпы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы қажет. Үшіншіден, үміткер тағайындалғанға дейін соңғы екі жыл білім беру саласында жұмыс істеуі тиіс. Бұл тармақ бұрын-соңды қажетті жұмыс тәжірибесі мен педагогикалық еңбек өтілі бар, бірақ соңғы жылдары білім беру саласында жұмыс істемеген адамдар мектеп директоры лауазымына тағайындалған тәжірибенің болуына байланысты енгізіліп отыр», - дейді министр. Оның айтуынша бұрын 20 жыл мұғалім болып жұмыс істеген немесе тіпті мектеп директоры болған, дегенмен білім беру саласындағы жаңашылдықтар мен орын алған өзгерістер туралы хабары жоқ, ауыл әкімдіктерінің немесе өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері мектеп директоры болып тағайындалатын.

Серіктес жаңалықтары