1639
Цой: Реанимацияда жатқан науқастардың 95 пайызы - вакцина алмағандар
Цой: Реанимацияда жатқан науқастардың 95 пайызы - вакцина алмағандар
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында вакцинаның маңызын тағы бір атап өтіп, халыққа үндеу жасады.
Министрдің сөзінше, коронавирус бойынша жансақтау бөліміне түскен науқастардың 95 пайызы - вакцина алмағандар.Ауру жұқтыру деректерін талдау жұмыстары вирус жұқтырғандар мен коронавирусты ауыр өткеріп жатқан науқастардың негізгі үлесі вакцина алмағандарға тиесілі екенін көрсетті. 1 ақпаннан бері коронавирус жұқтырғандардың жалпы санында вакцина алмаған науқастардың үлес салмағы 97,5 пайыз болған. Ал вакцина алғандардың үлесі 2,5 ғана. Корнавирус инфекциясын ауыр өткеріп жатқандар бойынша да жағдай осыған ұқсас. Реанимацияда жатқандар мен өкпені жасанды желдету құрылғысына жалғанғандардың 95 пайызы вакцина алмаған адамдар. Осы айтылған деректер вакциналаудың тиімді екенін тағы да дәлелдеп тұр, - деді министр.