1770
Асқар Мамин эпидемиологиялық ахуал жақсарып келе жатқанын мәлімдеді
Асқар Мамин эпидемиологиялық ахуал жақсарып келе жатқанын мәлімдеді
Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында елімізде эпидемиологиялық ахуал жақсарып келе жатқанын мәлімдеді.
"Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді, ауру деңгейі төмендей бастады. Өткен аптада вирустың репродуктивтілік индексі 1-ден төмен, қазір 0,93 деңгейде", - деді Мамин Үкімет отырысында.Бұдан бөлек, Мамин ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай тұрақталып жатқан өңірлерде Ashyq жүйесіне қосылған бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеулерді жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды.