782
Қызылордада жолдың нашарлығына наразы көпбалалы әке аштық жариялап, аузын тігіп тастады (видео)
Қызылордада жолдың нашарлығына наразы көпбалалы әке аштық жариялап, аузын тігіп тастады (видео)
Қызылордада жолдың нашарлығына наразы көпбалалы әке аштық жариялап, аузын тігіп тастаған.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды. Көпбалалы әкенің сөзінше, балаларды мектепке апарып-әкелу өте қиын. Балалардың тамағы мен жолына бір күнде 5-6 мың теңге кетеді. Ал бұған оның қалтасы көтермейді. Жол саламыз деп уәде берген әкімдік уәдесін орындамаған. Ашынған әке аштық жариялап, аузын тігіп тастауға мәжбүр болған көрінеді.– Көпбалалы әкемін деп емес, жағдайдың қиын екенін айтамын. Мектеп пен үйдің арасы 10 шақырым. 2 мың теңгемен сабаққа апарам, 2 мың теңгемен алып қайтамын. Сонда бұл қалай болады? Мен байдың баласы емеспін. Сол себепті аузымды тігіп, аштық жариялауға мәжбүр болдым, – деді ол Atameken business арнасындағы бағдарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram