Атырауда 5 жасар баласының көзінше әйелінің кеудесіне пышақ сұққан ер адам ұсталды

Атырауда 5 жасар баласының көзінше әйелінің кеудесіне пышақ сұққан ер адам ұсталды

Атырауда 5 жасар баласының көзінше әйелінің кеудесіне пышақ сұққан ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
1752

Атырауда әйелінің кеудесіне пышақ сұққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"22 тамызда сағат 18:50-де кеуде тұсынан жарақат алған 1991 жылы туған науқас жеткізілді. Рентгенографиядан кейін "оң жақтағы шеткі пневмоторакс" диагнозы қойылды. Таңертең қайтадан рентгенография жасалады. Жағдайы тұрақты, хирургия бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Полиция департаменті хабарлағандай, дене жарақатын салған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. ҚК 115-бабы бойынша тіркелген қылмыстық іс сотқа жіберіледі. Ұсталған адам бұрын бірнеше рет (оның ішінде бұрын әйеліне қауіп төндіргені үшін) әкімшілік жауапкершілікке тартылған.  

Серіктес жаңалықтары