567
«Халыққа көмек» жобасы: Ауыл көшелері қалпына келтірілді
«Халыққа көмек» жобасы: Ауыл көшелері қалпына келтірілді
«Халыққа көмек» жобасы аясында «Nur Otan» партиясының Алматы, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының аудандық филиалдарына ауыл тұрғындары жолдардың нашар екенін айтып, асфальт төсеп беру туралы өтініш білдірген.
Өтініш бойынша «Nur Otan» партиясының филиалдары тарапынан тиісті шаралар қабылданып, аудандық партия филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары А.Абдрахманов, Ж.Садырбаев Алдабергенов ауылындағы Байысов көшесінің жолын жөндеуге жергілікті бюджеттен қаражат қарастыруға қол ұшын берген және мәслихат депутаттары Б.Төрекенов, Б.Жұмағұлова жол салушы мекеме өкілдерімен кездесу өткізген.
Келіссөз нәтижесінде ауылдардағы көшелерге киыршық тас және асфальт төселіп, ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдірді.