Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

/
Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto

Бүгін 12 қалада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

2026 жылғы 21 қарашада Көкшетау, Павлодар, Астана, Алматы, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Балхаш, Талдықорған, Өскемен, Семей және түнде Атырау қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына қолайлы метеорологиялық жағдайлар күтіледі,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары