Арыстанбек Мұхамедиұлы: Ақтоты Райымқұлова отставкаға кетуге міндетті

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Ақтоты Райымқұлова отставкаға кетуге міндетті

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Ақтоты Райымқұлова отставкаға кетуге міндетті
ашық дереккөзі
1156

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Жетінші арнаның" эфирінде қазіргі министр  Ақтоты Райымқұлованы сынға алды, деп жазды sputnik.kz.

"Олимпиадаға бір жыл қалғанда біздің даңқты министрлікте спортқа жауапты үш вице-министр ауысты. Елдос Рамазанов жұмыс істеп жүрді, Олимпиадаға бір жыл қалғанда оны шеттетіп, басқа вице-министр Сәкен Мұсайбековті әкелді, одан кейін Олимпиаданың алдында Ерлан Қожағапанов тағайындалды", - деді экс-министр.
Журналист одан "Олимпиададағы нәтижеге байланысты министр Ақтоты Райымқұлова отставкаға кетуі керек пе?" деп сұрады.
"Егер жеңіліс болса, әрқашан мойындау керек. Иә, әрине, міндетті (отставкаға кетуге – Sputnik). Бұл жерде жай ғана "иә" немесе "жоқ" дей салуға болмайды, солай істеуге міндетті. Жауапкершіліктен қорқудың қажеті жоқ", - деп жауап берді экс-министр.
 

Серіктес жаңалықтары