1346
“Табысы төмен азаматтарға 85 мың теңге төленеді”. Министрлік ақпаратты жоққа шығарды
“Табысы төмен азаматтарға 85 мың теңге төленеді”. Министрлік ақпаратты жоққа шығарды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мессенджерлерде тараған мемлекеттің табысы төмен және жұмыссыз азаматтарға 85 400 теңге төлейтіні туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Табысы төмен жұмыссыз азаматтар 85 400 теңге көлеміндегі мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мұндай субсидия жоқ екенін хабарлайды", – деді баспасөз қызметі.Ведомство сондай-ақ қазақстандықтардан қырағылық танытуды және тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа сенуді сұрады, сондай-ақ жалған ақпаратты таратудың заң бойынша қудаланатынын да еске салды.