«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты кімдерге беріледі?

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты кімдерге беріледі?

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты кімдерге беріледі?
ашық дереккөзі
1189
Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген дарынды жастарға берілетін «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жыл сайын тағайындалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты мемлекеттік қолдау мақсатында еліміздің талантты жастарына жыл сайын тағайындау жоспарлануда. Грант қаражатын жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Үміткерлердің үздік жобаларын анықтау мақсатында конкурстық комиссия құрамы бекітіледі. Комиссия құрамы орталық атқарушы органдар мен азаматтық қоғамның өкілдері, ғалымдар және грант бойынша мамандар мен сарапшылардан құралған. Жалпы конкурстық комиссия екі кезеңнен жүзеге асырылады. Бірінші кезең – 19 шілдеден 20 қыркүйекке дейін уәкілетті органның конкурстық өтінімдерді қабылдауы. Екінші кезең – конкурстық өтінімдерді бағалау және конкурс жеңімпаздардын анықтау. Конкурстық комиссияның шешімі бағалау парағы бойынша жиналған балдардың санын көрсете отырып, конкурс қорытындылары туралы хаттамамен рәсімделеді. Конкурстық комиссияның отырыстары ашықтық, айқындық қағидаттарында өткізіледі және уәкілетті органның интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн-трансляция жүргізіледі. «Мұндағы біз «Аз құжат – көп идея» ұстанымын басты назарға алып отырмыз. Яғни талап етілетін құжаттар көлемі санаулы, бізге тек жаңа идеялар қажет. Атап айтсақ, үміткер құжат қабылдау аяқталған кезде 14 жасқа толған және 29 жастан астауы тиіс. Конкурстық өтінімдерді қазақ немесе орыс тілдерінде тапсырады. 1) Нысан бойынша жобаның сипаттамасы; 2) жобаның бейнетаныстырылымы (алпыс секундтан аспайды); 3) шығыстар сметасының жобасы; 4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер бар болса қамтылуға тиіс», - деп түсіндірді спикер. Конкурсты өткізу туралы толық ақпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында (qogam.gov.kz), әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында кеңінен жариялануда. Айта кетейік, 19 шілдеден 20 қыркүйекке дейін «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдер қабылданады.  

Серіктес жаңалықтары