2394
Олимпиада қалашығында тұрып жатқан спортшыдан коронавирус табылды
Олимпиада қалашығында тұрып жатқан спортшыдан коронавирус табылды
Бұл жайында олимпиада ұйымдастырушылары жексенбі күні таратқан мәліметте айтылған.
Құжатта сондай-ақ 18 шілдеде олимпиада қалашығында тұрмайтын атлеттің, БАҚ қызметкерінің, олимпиада объектілерінде жұмыс істейтін бір жұмысшы мен жарысты өткізуге қатысы бар тағы 5 адамның да осы індетке шалдыққаны жазылған.
Коронавирус жұқтырғандардың бәрі - Жапония азаматтары емес.
17 шілдеде ұйымдастыру комитеті олимпиада ауылында бірінші рет КВИ жұқтыру дерегі тіркелгенін мәлім еткен болатын.
Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі тиіс болатын.
Пандемияға байланысты жарыс бір жылға кейінге қалды, енді ол 23 шілдеден 8 тамызға дейін өтеді.
Ұйымдастырушылар ойынды шетелдік жанкүйерлерсіз өткізуге шешім қабылдады, сонымен қатар жергілікті көрермендер Токионы қоса алғанда, алты жапон префектурасында олимпиада шараларына жіберілмейді.
12 шілдеден бастап Токиода эпидемиялық ахуалдың нашарлауына байланысты төтенше жағдай режимі қайтадан күшіне еніп, 22 тамызға дейін жалғасады.