1220
Экс-министр Біртановтың үй қамақтағы мерзімі тағы ұзартылды
Экс-министр Біртановтың үй қамақтағы мерзімі тағы ұзартылды
ҚР бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үй қамақта болу мерзімі екі айға ұзартылды, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 55, 56, 148, 151, 152-баптарын басшылыққа ала отырып, судья мынандай қаулы шығарды: материалдармен танысу кезеңінде үйқамақта болу мерзімін екі айға ұзарту туралы күдікті Біртанов Елжан Амантайұлының өтініші қанағаттандырылсын., яғни 2021 жылдың 14 қыркүйегі сағат 21: 56-ға дейін, осы аталған уақыт та қоса есептелсін. Үй қамағында болу жағдайларын өзгерту тұрғысынан, атап айтқанда, үйден толығымен шығуға тыйым салынсын, телефонмен сөйлесуге тыйым салынсын, отбасы мүшелерінен басқа барлық адамдармен сөйлесуге тыйым салынсын, күдіктіге бақылау қою - бас тартылады, - деді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Алмат Бабатов.Судья бұл шешімді прокурордың талабы бойынша қарауға немесе оны соттың хабарландыруынан кейін төрт күн ішінде елорданың мамандандырылған аудандық тергеу соты арқылы шағымдануға болатындығын атап өтті.