Президент Елбасы ескерткішін ашты

Президент Елбасы ескерткішін ашты

Президент Елбасы ескерткішін ашты
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты. Ескерткіш елордада Әлихан Бөкейхан мен Керей, Жәнібек хандар көшелерінің қиылысындағы жуырда ашылған саябақтың аумағында орналасқан.

Ескерткішті ашқан Президент жиынға қатысушылардың алдында сөз сөйледі.  />

Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Елорда күні қарсаңында қаланың рухани келбетін көркейте түсетін жаңа кешендер ашылатынын атап өтіп, былтыр осы игі дәстүрмен Елбасы кітапханасы музейінің бой көтергенін және оның  алдынан ашылған саябақ қала тұрғындары үшін жайлы демалыс орнына айналғанын айтты.
<blockquote>– Сондықтан бүгін біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне орнатылған тарихи ескерткішті дәл осы жерде ашып отырмыз. Мерейлі жылда мұндай сәулет туындысының бой көтеруі – заңды құбылыс, – деді Президент.</blockquote>
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттіліктің негізін қалыптастыруға, еліміздің шекара шебін айқындауға, халықаралық келісімдермен біржола шегендеуге, жаһандық дағдарысты еңсеруге, халықаралық беделін нығайтуға Нұрсұлтан Назарбаевтың зор үлес қосқанын атап өтті.
<blockquote>– Елбасы көптеген халықаралық бастама көтеріп, мемлекетімізді жаһандық саясаттың төріне шығарды. Оны бүкіл әлем ұлы саясаткер, тарихи тұлға ретінде біледі. Қасиетті Отанымыз – Қазақстанның бүгінгі және ертеңгі ұрпағы осындай ұлт перзентіне қарап, бой түзейді, – деді Президент.</blockquote>
<img src=