Жаңалықтар

Елордада «Журналистер Аллеясын» ашу жоспарлануда – Аида Балаева

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бұқаралық ақпарат қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Құрметті ақпарат саласының қызметкерлері! Баршаңызды кәсіби мерелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Елордамызда «Журналистер Аллеясын» ашу жоспарлануда. Тегін интернетке қосылу мүмкіндігін қарастыратын аллея тілшілер қауымының шығармашылығын шыңдайтын жер ғана емес, бас қаламыздың барша тұрғындары мен қонақтары үшін де ең сүйікті орынға айналады деп сенемін» деді министр.
Аида Балаеваның айтуынша,  аллеяға өмірден өтіп кеткен журналистикадағы жарқын тұлғалардың есімдері жазылған арнайы ағаштар өсіріліп, еске алу тақталары орнатылады. Ал аллеяны ашу мерзімі көшет отырғызуға ең қолайлы кезең күз маусымына белгіленді.
«Бұл бізге тағы бір бірегей жобаның аясында бас қосып, пікір алмасып, бірігіп игі іс атқаруға жол ашатын тамаша мүмкіндік болары сөзсіз» деп жазды А.Балаева Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Back to top button