Астанада ат спорты клубы 200 мың теңгеге сатылған

Астанада ат спорты клубы 200 мың теңгеге сатылған

Астанада ат спорты клубы 200 мың теңгеге сатылған
ашық дереккөзі
147
Елорда әкімдігіне қарасты «Астана» көкпар клубы» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорны жекеменшікке сатылып кетті. Голландиялық әдіспен аукционға шығарылған клубтың меншігінде асыл тұқымды 11 ат, қызметтік көліктер мен ат әбзелдері болған. Соның барлығын «құпия адам» бар болғаны 198 мың 700 теңгеге сатып алыпты. Таңғаларлығы, аукционның өткенін тіпті клуб басшылығы да білмей қалған. «Астана» көкпар клубы» МКҚК директорының орынбасары аталған мәліметті растады. Дегенмен, қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. Осы спорт клубына өз нысандарын жалға беріп келген «Тұлпар» ат спорты клубы директорының орынбасары Болат Шалабаев аукционның өткенін де, спорт клубының арзан бағаға сатылып кеткенін де айтып берді.

Серіктес жаңалықтары