Маңғыстауда аштық туралы фильм түсіріліп жатыр

Маңғыстауда аштық туралы фильм түсіріліп жатыр

Маңғыстауда аштық туралы фильм түсіріліп жатыр
ашық дереккөзі
562
Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданына қарасты Ұштаған ауылында жазушы Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романы бойынша фильм түсіріліп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Түсірілім жұмыстары 25 мамырда басталды, 20 маусымға дейін жалғасады. Кинокартина үшін Алматыдан арнайы әртістер шақырылды. Басты рөлдердің бірін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемал сомдайды. Фильмнің режиссері — "Ақ боз үй" романы авторының ұлы Бекарыс Елубай. — «Ақ боз үй» өткен ғасырдың 30 жылдарындағы қазақ даласындағы ұжымдастырудың артынан ілесе келген ашаршылық жылдарын суреттейтін әдеби шығарма. Кино тіліне түсірілген туынды ел басына түскен нәубетті бір әулеттің тарихы ретінде баяндалады. Түсірілім жұмыстарын Ұштаған ауылынан бастап кеттік. Ауыл тұрғындары үлкен ықыласпен түсірілім тобына қатысып, өз көмектерін көрсетіп жатыр, — деді режиссер Бекарыс Елубай. Қазақ елінің ашаршылықтан қырылған ауыр кезеңі сомдалатын тарихи фильм 2022 жылдың наурыз айында көрерменге жол тартпақ.

Серіктес жаңалықтары