Теңізде түйіршіктелген күкірт өндіру зауыты іске қосылды

Теңізде түйіршіктелген күкірт өндіру зауыты іске қосылды

Теңізде түйіршіктелген күкірт өндіру зауыты іске қосылды
ашық дереккөзі
476
Атыраудағы «Теңізшевройл» компаниясы жаңа түйіршіктелген күкірт өндіру зауытын іске қосты. Онда нысандардағы өндірілетін барлық сұйық күкіртті өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бұл экологиялық қауіпсіздікті жақсартып, өндірістік тәуекелдерді азайтады. Айына 40,000 тонна күкірт өндіру қуаты бар түйіршіктелген күкірт өндіретін жаңа зауыт басқа құрылғылар істен шыққан кезде күкірт өндірудің қажетті деңгейін сақтауға жағдай туғызады. «ТШО-ның күкіртті басқару жоспары аясында жергілікті компанияның мүмкіндіктерін дамыту мақсатында, командамыз күкіртті өңдеу қуатын кеңейтетін жобаны жүзеге асырды», - деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон. Қазақстан нарығынан басқа ТШО түйіршіктелген күкіртті Африка, Еуропа, Қытай және басқа да нарықтарына экспорттайды. "Зауыт портативті және оңай жиналатын GXM3 қондырғысымен жабдықталған. Өндіруші әлемдегі ең жақсы технологиялар мен ресурстарды қолданып, оларды Қазақстанға жеткізді", - деді Галиаскар Итишев, түйіршіктелген күкірт зауытының менеджері. «Теңізшевройл» ЖШС – мұнай, газ және күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Ол - 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%. Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы теңіздегі зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.

Серіктес жаңалықтары