2024 жылғы Олимпиаданың бюджеті - 6,2 млрд еуро

2024 жылғы Олимпиаданың бюджеті - 6,2 млрд еуро

2024 жылғы Олимпиаданың бюджеті - 6,2 млрд еуро
ашық дереккөзі
359
2024 жылы өтетін Олимпиаданың бюжеті 6,2 млрд еуро болады. Халықаралық деңгейдегі спорт бәсекесін Франция, Венгрия, АҚШ және Италия мемлекеттері өткізуге құлшыныс танытып отыр. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, 6 млрд еуро аз қаржы емес. Алайда, бұл соманы шығару үшін Париж билігі осыған дейінгі Олимпиада ойындарының есебін шығарған. Сонымен қатар Сочиде өткен Олимпиада да сөз болады. Ол кезде Олимпиада қозғалысы тарихындағы рекордтық сома - 37 млрд еуро қаржы жұмсалған. 3- ақпан күні спорттық шараны өткізуге үміткер мемлекеттер Олимпиада нысандарының жағдайына және бөлінетін қаржыны қалай жұмсайтынын жөніндегі мәліметтерді ұсынулары керек. Айта кетейік, 2024 жылы өтетін Олимпиаданың өтетін жері 2017 жылдың қыркүйек айында Халықаралық Олимпиада комитетінің 130-шы сессиясында белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары