"Әке-шешесін ұрады, ішімдік ішеді деп жамандапты". Бейбіт Ыстыбаев көзіне неге жас алды?

"Әке-шешесін ұрады, ішімдік ішеді деп жамандапты". Бейбіт Ыстыбаев көзіне неге жас алды?

"Әке-шешесін ұрады, ішімдік ішеді деп жамандапты". Бейбіт Ыстыбаев көзіне неге жас алды?
ашық дереккөзі
65940
"Қазақстан барысы" турнирінің 3 дүркін чемпионы Бейбіт Ыстыбаев  "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында жеңістері мен жетістіктері, азаматтық ұстанымдары жайлы айтты. Өзіне тиесілі мүлкі мен табысы жайлы ашық баяндады, - деп жазды stan.kz.
"Мен кезінде телевизор үшін, кілем үшін де күрестім. Түйе үшін күрестім. Кейін тек көлік үшін ғана күресетінмін. Ол кезде мен өзіме сенімді едім. Спортшы майдаланбауы керек. Қалтамда ақша болмаса да, ақша керек болса да, өзімнің ұтатынымды білсем де, жарыстарға қатыспайтынмын. Өзіме тек көлік үшін күресем деп шарт қойған едім. Жалғыз барып, көлік айдап қайтып жүрдім. Бір аптада 3 көлік ұтқан кездерім болды. Тек Шығыс Қазақстанға барғанда көлік ұта алмадым. Оны мойындау керек. Ол кезде жаспын. Жасым 20-дан асқан кездер. "Қазақстан барысына" бірінші рет қатысқанда да өзіме 100 пайыз сенімді болдым. Мен ұтамын деп сендім. Қарсыластарыма "бармай-ақ қойсын, мен бара жатыр деп айт" дейтін едім", - деді Б.Ыстыбаев. "Бірақ мен ешкімнен ешқашан орын сұраған емеспін. Ешқашан біреуден жеңісті сұрап алған емеспін. Маған  тек қысым жасалмаса болды дейтінмін. Себебі, маған жасалған қысымдар болды. Мен ешқашан президент болмаймын. Мен министр де, әкім де болмаймын. Әрі кетсе, министрдің кеңесшісі болуым мүмкін. Одан әріге бармаймын. Спорттан кеткен Көкірекбаев ағамызға өзім жұмыс сұрап бардым. Телефон арқылы "звонок" жасатқан жоқпын. Басшылық қызмет ұсынды, бас тарттым. Орынбасар болайын дедім. Мен егер мансап қусам, маған талай жол ашылды. Ұсыныстар болған жоқ емес, болды. Мен бас тарттым. Маған қызмет ұнамайды. Қызмет, мансап, ақша адамды адастырады. Адамды жынды қылып жібереді. Адам өзі де қалай адасқанын ұқпай қалады. Мен ондайдан таза болғым келеді. Мен бәрін тастап ауылға көшіп кетуге дайынмын. Өз жерімде қаламын", - деді спортшы.
Бейбіт Ыстыбаев Бахтияр Артаев министр болуға лайық деген пікірін айтты.
"Бақтияр Артаев министр болуға лайық шығар деп ойлаймын. Бірақ ол жерде кім болса да жұмыс істейді. Заңгер емес, экономист емес, әнші емес, спорт саласын спортшы басқарғаны жөн. Басқа нәрсесін қасындағы көмекшілері реттеп алады", - деді Қазақстан барысы.
Бейбіт Ыстыбаев Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаев  екі қымбат көлік пен үй сыйлағанын айтты.
"Қанат ағамыз екі көлік пен бір үй берді. Оны жасырмаймын. Мен 10 көлік алсам, соның біреуін өзіме қалдырып, 9-ын әкеме апарып беремін. Оны әкем біреуге сыйлап жібере ме, сата ма, оған араласпаймын. бір ағамыз ел басқарып отырған азаматтарға мені жамандапты. "Әке-шешесін ұрады. Ішімдік ішеді" деп айтыпты. Бір күні соны естіп қатты таңғалдым. Ашуым келді. Бір ағамызға осыны айтып жыладым. Сонда ол кісі "сенің артыңнан сөз ерсе, сенің өсіп жатқаның" деді. Бір түсінгенім  -  адам өскен сайын оның жауы көп болады екен. Сен ешнәрсе істемесең де, сені жек көреді. Сенің жақсы болып жүргеніңді көре алмайды. Қанға сіңген бе, әлде аяқтан тарту ма, білмедім", - деп ағынан жарылды.
Спортшы 2024 жылы өтетін Олимпиадаға шәкірт тәрбиелеп апарғысы келеді.
"Алдағы бір-екі жылда орындаймын деген жоспарларым бар. Оның бәрін айтқым келмейді. Малымды сатсам да, соны жасаймын. Мен өзім о дүниеге кетем бе деп ойлаймын. Алла біледі ғой. Мүмкін 100 жасайтын шығармын. Бірақ о дүниеге кететін шығармын деп ойлаймын. Бәрі Алланың қалауымен. Ақыры баратын жеріміз болған соң, таза кезімізде барған дұрыс па деймін. Ақшаға алданып, атаққа алданып, күнә арқалағым келмейді. Аллаға ризамын. 10 көлік жуу орным бар. Балабақшам бар. 150 бас жылқым бар. Өз күнімді көре аламын. Кейде аулаға шығып 40 мың теңге айлық алып жүрген адамдармен сөйлесемін. Оларға ақша жетпейді. Бірақ бәрі бар. Ал ақшасы жететін адамдарға басқа жетпейді. Не баласы жоқ, не бақыт жоқ. Қызы болса, ұлы жоқ. Толыққанды рахат өмір жоқ. Соны түсіну керек", - деді балуан.

Серіктес жаңалықтары