Қазақстан Халық Кеңесі басшылығы Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақтың арнайы өкілімен кездесті

/
Қазақстан Халық Кеңесі басшылығы Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақтың арнайы өкілімен кездесті
Қазақстан Халық Кеңесі

Қазақстан Халық Кеңесінің басшылығы Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақтың арнайы өкілі Эдуардс Стипрайспен және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкичпен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Келіссөздер барысында еуропалық тарапқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды реформаларының заңды жалғасы болып саналатын конституциялық реформаның міндеттері туралы ақпарат берілді. Жаңа Конституция бірегей институт – Қазақстан Халық Кеңесін құруға негіз қалады.

Тараптар әңгіме барысында Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің Мемлекет басшысы алғашқы сессияда айқындаған міндеттерді іске асыру аясындағы жұмысының негізгі бағыттарына ерекшеназар аударды. Қоғамдық диалогты тиімді жолға қоюжәне жалпы ұлттық бірлікті нығайту мақсатымен этномәдени бірлестіктерді топтастыруға, өңірлермен өзара іс-қимылды кеңейтуге және қоғамдық бастамаларды дамытуға басымдық беріліп отыр.

Еуропалық делегация Қазақстан Халық Кеңесі институтының бірегейлігін атап өтіп, қазіргі таңдаоған тікелей ұқсас институттардың жоқ екенін айтты. Сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына әйелдердің, жастардың және ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың белсенді тартылуына жоғары бағаберілді. Мұндай тәсіл түрлі өңірлер мен кәсіби қауымдастық тардың өкілдерін бастамаларды жан-жақты талқылау үшін біріктіруге мүмкіндік бергені атап өтілді.

Еуропалық Одақ өкілдігі Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларға халықаралық қоғамдастықтың ерекше қызығушылық танытыпотырғанын атап өтіп, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар