Құтқарушылар үлкен жарылыстың алдын алды: Астанада кафеден өрт шықты

/
Құтқарушылар үлкен жарылыстың алдын алды: Астанада кафеден өрт шықты
boonchai wedmakawand/Getty Images

Астананың Есіл ауданында орналасқан кафелердің бірінде өрт шықты. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, ықтимал жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт үш қабатты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан кафенің ас бөлмесінде тұтанған.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер фритюр құрылғысындағы майдың жанып жатқанын анықтады.

"Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде фритюрницаның ішіндегі май жанып жатқаны анықталды. ТЖМ күштері ғимараттан 4 оттегі баллонын қауіпсіз жерге эвакуациялады. Бұл ықтимал жарылыстың алдын алуға мүмкіндік берді", – деп хабарлады министрлік.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтап, оның ғимараттың басқа бөлігіне таралуына жол бермеді.

Жалын жалпы ауданы 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар