352
Коронавирустан әлем бойынша 115 мыңнан астам медицина қызметкері көз жұмған
Коронавирустан әлем бойынша 115 мыңнан астам медицина қызметкері көз жұмған
Бүкіл әлем бойынша COVID-19 салдарынан 115 мыңнан астам медицина қызметкері қайтыс болды, - деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс.
"Әлі толық есеп берілмесе де, кем дегенде 115 мың медицина қызметкері қызметтерін атқару кезінде көз жұмды деп айта аламыз", — деді Гебрейюс.Оның ДДСҰ-ның 74-ші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі Twitter-де жарияланды.