3897
Вакцинада чип бар ма? — ғалымдар нақты жауап берді
Вакцинада чип бар ма? — ғалымдар нақты жауап берді
Reuters Fact Check зерттеушілер тобы коронавирусқа қарсы вакциналарда микрочиптер, металдар немесе магниттер бар ма деген сұраққа біржола нүкте қойды, деп хабарлайды Liter.kz.
Сарапшылар мен ғалымдар коронавирус инфекциясын тоқтатудың жалғыз жолы жаппай вакцина егу екенін айтады. Алайда, кей елдерде (Қазақстанды қоса алғанда) бұл процесс өте баяу жүріп жатыр. Оның негізгі себептерінің бірі халықтың вакцинаға деген сенімсіздігі болып отыр.
Антиваксерлер қозғалысы әсіресе батыста қатты байқалады. Мысалы, 2020 жылы АҚШ-та вакцинада микрочип пен магниттің бары айтылатын роликтер жаппай таралды.
Reuters халықаралық ақпараттық агенттігі бұл сұраққа нақты әрі сенімді жауап берді: вакциналарда ешқандай чип немесе магнит жоқ!
Медицина сарапшылары ДДҰ бекіткен барлық вакциналардың құрамын зерттегеннен кейін осындай қорытындыға келді. Вакциналардың құрамында шынымен аз мөлшерде алюминий бар, бірақ Оксфорд университетінің зерттеушілері бұл металдың вакциналардағы концентрациясы тамақ пен ауыз судағыдан аспайды деп отыр.