1364
Қазақстан балаларды қорғау рейтингінде 50-орында тұр
Қазақстан балаларды қорғау рейтингінде 50-орында тұр
Save The Children халықаралық қорының балаларды қорғау рейтингінде Қазақстан 180 елдің ішінде 50-ші орынды иеленді. Сингапур мен Словения балалар үшін ең жақсы, Нигерия және Орталық Африка Республикасы ең қолайсыз болды, - деп хабарлайды Курсив.
Индекс денсаулық сақтау, білім беру көрсеткіштерін және жалпы балалардың қауіпсіздігін ескереді.
"Сингапур 1000-нан 989 баллмен рейтингте көш бастап тұр. Батыс Еуропаның сегіз елі денсаулық, білім және балаларды қорғау бойынша өте жоғары балл жинап, топ-10 қатарына кіреді. Нигерия соңғы орында", - делінген рейтингте.Алғашқы бестікке Сингапур, Словения, Финляндия, Швеция және Норвегия кірді. ТМД елдері арасында Қазақстанды Беларусь пен Ресей басып озды. Рейтинг деректері бойынша, Қазақстанда 5 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітім деңгейі 10 000 тууға шаққанда 99 өлім екен. Балалардың 6% - ы (негізінен қыздар) 15-19 жас аралығында үйленеді, балалардың 8% - ы 5 жасқа дейін дұрыс тамақтанбайды, балалар еңбегінің таралуы 2,2%. Жасөспірімдер жүктілігінің коэффициенті 1000 қызға 29,8, балалар суицидінің коэффициенті 100 мың тұрғынға 1,3 болған. Айта кету керек, өткен жылғы рейтингте Қазақстан 933 ұпай жинап, 40-орында тұрған.