Шымкенттен Түркияға 227 млн теңгенің алтынын алып өтпек болғандар ұсталды

/
Шымкенттен Түркияға 227 млн теңгенің алтынын алып өтпек болғандар ұсталды
istockphoto.com

Сот үкімі шыққанға дейін құны 227,8 млн теңгені құрайтын 2,8 келіге жуық алтын мемлекет пайдасына тәркіленді. Бұл шешім Бас көлік прокуратурасының өтінішхаттары негізінде қабылданды , деп хабарлайды turkystan.kz.

Өзбекстан азаматтары бағалы металды Шымкент әуежайы арқылы Түркияға заңсыз алып кетпек болған. 

Алтынды кедендік бақылаудан жасыру үшін оның бөлшектерін шабадандардың ішкі астарына және жүк қаптамаларына жаққан. 

Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары