Екі адам қаза тапты: Ақмола облысында қайғылы жағдай болды

/
Екі адам қаза тапты: Ақмола облысында қайғылы жағдай болды
istockphoto

Ақмола облысының Зеренді және Целиноград аудандарында екі адам көз жұмды. Қазір екі оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиғалар өңірдің екі ауданында тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша Зеренді ауданында дала жұмыстарын жүргізу кезінде Еленовка ауылының 46 жастағы тұрғыны қайтыс болған. Ал Целиноград ауданында Түркістан облысының 22 жастағы тұрғыны электр тогының соғуынан қаза тапты, — деп хабарлады ведомство.

Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижесінде заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады.

Белгілі болғандай, Зеренді ауданында көз жұмған ер адам шөп тайлайтын престің механизміне қысылып қалған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары