Қонаевта саунадан өрт шықты

/
Қонаевта саунадан өрт шықты
Фото: ТЖМ

Таңғы уақытта Қонаев қаласындағы Қапшағай көшесінде орналасқан алты қабатты ғимараттың жертөлесінде орналасқан саунадан өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ТЖД бөлімшелері келгенге дейін адамдар ғимараттан өз бетінше сыртқа шыққан.

70 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді.

"Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - дейді ТЖМ өкілдері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары