400
Маңғыстау облысының басқарма басшысы пара алғаны үшін 30 млн теңге айыппұл төлейді
Маңғыстау облысының басқарма басшысы пара алғаны үшін 30 млн теңге айыппұл төлейді
Маңғыстау облысының басқарма басшысы пара алғаны үшін 30 млн теңге айыппұл төлейді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады, дейді Курсив.
30 сәуірде Ақтау қалалық сотымен "Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары" ММ басшысына 30 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ол "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында Мұнайлы ауданындағы "кентішілік жолдар құрылысы" нысанында орындалған жұмыстар актісіне жедел қол қойды, сондай-ақ жұмыстар жүргізілген кезде оған одан әрі қолдау көрсетті және жол салғаны үшін 1 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген болатын.
Бұған дейін Қызылорда облысында да шенеунік 3,6 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған еді.