288
Президент Әкімшілігі "Ирина Кайратовнаның" Юрий Дудьге берген сұхбатына пікір білдірді
Президент Әкімшілігі "Ирина Кайратовнаның" Юрий Дудьге берген сұхбатына пікір білдірді
Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев "Ирина Кайратовнаның" ресейлік журналист Юрий Дудьге берген сұхбатына пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ашық диалог 2.0" жобасында Дәурен Абаевқа "Ирина Кайратовна" тобының қатысушыларын Қазақстан патриоты деп санайсыз ба деген сұрақ қойылды.
- Сіз "Ирина Қайратқызының" сұхбатын көрдіңіз бе?
- Толық емес.
- Оларды патриот деп есептейсіз бе?
- Көрген, естіген нәрселеріме қарап солай деп айта аламын.
- Олар билікті қатты сынға алды, сіз бұл туралы не ойлайсыз?
- Бұл - олардың құқығы. Өркениетті қоғам үшін қалыпты жағдай. Әрине, мен кейбір тезистермен келіспеймін. Кейбіреулерімен ішінара келісемін. Жалпы, көптеген дұрыс нәрселер айтылды. Ең бастысы - олардың ел тағдырына немқұрайлы қарамауы. Менің ойымша, бұл біздің жаңа мәдени толқынның жақсы белгісі. Соңғы жылдары шығармашыл жастардың жаңа буыны өсіп, күшейе түсті. Бұл әншілер, әртістер, вайнерлер ғана емес, сонымен қатар жаңа жас суретшілердің, актерлердің, театр және кино режиссерлерінің, фотографтардың және т.б. галактикасы. Олардың көпшілігі қазақ тілін дәріптеуге зор үлес қосып жатыр.
Әрине, шығармашылықтан бөлек, олар өздерінің азаматтық ұстанымын жиі жариялайды. Менің ойымша, бұл да қалыпты жағдай. Тағы бір нәрсе, мен уақыт көп нәрсені өз орнына қоятынына сенімдімін, - деді Дәурен Абаев.